Өскемен
малооблачно
+21°
  • Өскемен
    +21°
  • Алматы
    +24°
  • Астана
    +25°
  • Ақтөбе
    +7°
  • Актау
    +13°
  • Орал
    +8°
  • Қарағанды
    +24°
  • Көкшетау
    +20°
  • Қостанай
    +10°
  • Қызылорда
    +28°
  • Павлодар
    +21°
  • Петропавловск
    +18°
  • Тараз
    +27°
  • Туркестан
    +3°
  • Шымкент
    +27°
$
513.68
-1.35
583.03
-1.79
¥
70.39
-0.28
6.24
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО әкімдігінде өңірдегі қылмыстың алдын алу мәселелері қаралды

Облыс әкімі Нұрымбет Сақтағановтың төрағалығымен ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО әкімдігінде өңірдегі қылмыстың алдын алу мәселелері қаралды
Фото:
ШҚО әкімінің баспасөз қызметі

Отырыста жол-көлік оқиғаларының, сондай-ақ спирттік ішіидікпен мас күйінде және кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстардың алдын алу мәселелері қаралды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Автожолдардағы ақауларды анықтау, жол белгілерін, стробоскоптарды, патрульдік автокөліктер мен жануарлардың макеттерін орнату бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде. Сонымен бірге, Өскемен, Риддер және Алтай қалаларында "Мерген" аппараттық-бағдарламалық кешенін енгізу жалғасуда. Бүгінгі күні 207 бейнекамераның көмегімен 11 мыңнан астам жол қозғалысы ережесін бұзу фактісі анықталды.

Жыл басынан бері ШҚО-да спирттік ішімдікпен мас күйінде жасалған қылмыстар тіркелген. ШҚО Полиция департаментінің қызметкерлері құқықбұзушылық жасауға бейім тұлғалардың тұрғылықты жерлері бойынша жоспарлы тексеру жұмыстарын жүргізуде.

Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстардың алдын алу мақсатында "Жасөспірім", "Каникул", "Түнгі қаладағы балалар", "Профилактика" іс-шаралары және "Жасөспірім. Заң. Қауіпсіздік" акциялары тұрақты түрде өткізіліп келеді. Бүгінгі таңда 107 жасөспірім мен 196 бала тәрбиелеу және оқыту міндеттерін орындамаған заңды өкіл есепке алынған.

Облыс әкімі жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше назар аударып, жолдарды жөндеу, апатты-қауіпті учаскелерде жарық орнату, мектептер маңындағы инфрақұрылымды және жаяу жүргіншілер өткелдерін жаңғыртуды тапсырды, - деп мәлімдеді облыс әкімінің баспасөз қызметі. - Тапсырмалар қатарында спирттік ішімдіктен толық бас тартқан елді мекендердің тәжірибесін тарату, спирттік ішімдіктерді тек арнайы алкомаркеттерде сату туралы ұсыныс бар. Сондай-ақ спирттік ішімдік өнімдерінің заңсыз саудасына тосқауыл қою және маскүнемдіктің алдын алу мен салауатты өмір салтын насихаттау бойынша профилактикалық жұмысты күшейту қажеттігі атап өтілді.

Сондай-ақ жазғы демалыс кезеңінде кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу шараларын күшейту қажеттігі баса айтылды. Жасөспірімдер мен олардың ата-аналарын жауапкершілік туралы уақтылы хабардар ету, құқықбұзушылықтар жиі тіркелетін орындарға назар аудару және қажет болған жағдайда олардың лицензияларын қайтарып алу шараларын қабылдау ұсынылды.

Следующая →