Өскемен құс фабрикасы лас суды далаға ағызған
Кеше әлеуметтік желіде Өскемен құс фабрикасының лас суды далаға рұқсатсыз ағызғаны туралы ақпарат тараған

Ақпараттың анық-қанығын тексеру мақсатында ШҚО Экология департаменті мен табиғатты қорғау полициясы қызметкерлері оқиға орнына барды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Лас судың далаға ағызылғаны туралы ақпарат расталды.
Экология департаментінің мамандары зертханалық тексеру үшін ағынды су мен топырақ сынамасын алды. Сынамалар ластаушы заттардың құрамын талдау үшін Экология департаментінің аккредиттелген зертханасына жіберілді, - деп мәлімдеді департаменттің баспасөз қызметі. - Табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері Өскемен құс фабрикасының өкілдеріне сауалнама жүргізді.
Зерттеулердің нәтижелері бойынша экология департаменті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы аясында заң бұзушыға қатысты тиісті шаралар қолданады.