ШҚО-дағы қауіпті жолдарға жарық сигналды стробоскоптар орнатылуда
Бұл құрылғылар қараңғы уақытта және қолайсыз ауа райында жолдағы апаттық жағдайларды едәуір азайтады

Бүгінгі таңда республикалық маңызы бар 12 тасжол учаскесі осындай құрылғылармен жабдықталды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
"Қауіпсіз жол" жедел профилактикалық іс-шарасы аясында ШҚО Полиция департаментінің бастамасымен өңірдегі тасжолдардың бірқатар учаскелеріне жарық сигналды стробоскоптар орнатылуда.
Бүгінгі таңда республикалық маңызы бар 12 тасжол учаскесі осындай құрылғылармен жабдықталды. Жарық сигналды стробоскоптар жүргізушілердің назарын әлеуетті қауіпті аймақтарға аударуға арналған және жол жүрісі қағидаларын қатаң сақтауға ықпал етеді. Жарық сигналды құрылғыларды орнату әсіресе қараңғы уақытта және қолайсыз ауа райы жағдайында тиімді болып табылады, бұл жол-көлік оқиғаларының қаупін едәуір төмендетеді, - деп мәлімдеді ШҚО Полиция департаменті.
Өңірдегі жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстары жалғасатын болады және тәртіп сақшылары тарапынан тұрақты бақылауда болады.