ШҚО-да өрт кезінде 68 тұрғын эвакуацияланды
Өскемен қаласында Тимирязев көшесіндегі 4 қабатты жатақхана ғимаратында өрт шықты

Фото:
pixabay
Бірінші қабаттағы бөлмеде 5 шаршы метр алаңда жиһаз жанды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Өрт сөндірушілер тез арада оқиға орнына жетті. Құтқарушылар қауіпсіздік мақсатында жоғарғы қабаттардан 68 тұрғынды, оның ішінде 19 баланы эвакуациялады.
Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері азаматтарды тексеріп, қажетті алғашқы көмек көрсетті.