ШҚО-да алдағы күндері +15ºС дейін жылы болады
Бұл күндері қар мен мұз тез еріп, өзендерде су деңгейі көтерілуі мүмкін

ШҚО ТЖД осының салдарынан су басу, тасқын қаупі жоғары екенін ескертеді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
"Қазгидромет" ШҚО филиалының ақпараты бойынша 18 наурызда облыстың солтүстігінде, оңтүстік-шығысында жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.
18-20 наурыз аралығында ауа температурасының түнде -3ºС дейін түсіп (облыстың шығысында 8 аязға дейін), күндіз 7-15ºС дейін көтерілу (облыстың шығысында 0-5 жылыға дейін) болжамына байланысты қар қарқынды epіп, мұз әлсіреуі мүмкін. Осыған байланысты өзендерде су деңгейі көтеріліп, соның салдарынан су басуы қаупі бар.