Глубокое ауданында мұзды жару жұмыстары жүргізіледі
Глубокое ауданы Ертіс өзенінде жарылыс жұмыстары жүргізіледі

Фото:
pixabay.com
Бұл туралы ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
"Kaz Explo Service" ЖШС-нің ақпаратына сәйкес, 13 ақпан күні сағат 11:00-ден бастап Глубокое ауданы Ертіс өзенінде мұз кептелісін болдырмау мақсатында жарылыс жұмыстары жүргізілетін болады. Тыныштық сақтауларыңызды сұраймыз,- делінген хабарламада.