Өскемен
ясно
+19°
  • Өскемен
    +19°
  • Алматы
    +24°
  • Астана
    +7°
  • Ақтөбе
    +11°
  • Актау
    +12°
  • Орал
    +14°
  • Қарағанды
    +16°
  • Көкшетау
    +9°
  • Қостанай
    +11°
  • Қызылорда
    +16°
  • Павлодар
    +10°
  • Петропавловск
    +10°
  • Тараз
    +22°
  • Туркестан
    +9°
  • Шымкент
    +21°
$
514.94
583.74
¥
70.56
6.13
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемендегі балмұздақ фабрикасы халықаралық сапа сертификатын алған

"AMANAT" партиясының облыстық филиалы жанындағы экономика, кәсіпкерлік және аграрлық сектор мәселелері жөніндегі өңірлік кеңес мүшелері Өскемен қаласындағы "Эмиль" балмұздақ фабрикасында болды

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскемендегі балмұздақ фабрикасы халықаралық сапа сертификатын алған
Фото:
Аманат партиясының ШҚОФ

Кәсіпорынның тәтті өнімдері халықаралық деңгейдегі қатаң тексеруден өтіп, "Халал" және басқа халықаралық сапа сертификаттарын алған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Фабрикада 200-ден астам жаңа жұмыс орны құрылып, ең заманауи жабдықтар орнатылған. Кәсіпорын әлемдік брендтердің ас мәзірі бойынша балмұздақтың бірнеше түрлері өндіріледі. Өнімдер ересектер мен балалардың талғамына сай дайындалады және республика көлемінде үлкен сұранысқа ие. Кәсіпорын жыл сайын өнімнің жаңа түрлерін шығарып, көлемін ұлғайтуда. Биыл да наурыз айынан бастап балмұздақтың жаңа түрлерін шығаруды жоспарлап отыр. 

Нысанның құрылыс жұмыстары аяқталғанға дейін депутаттар мен қоғамдық кеңес мүшелері құрылыстың сапалы жүргізілуіне және уақытылы аяқталуына тұрақты түрде бақылау жасап отырды. Бұл еліміздегі жұмыс процестері толық автоматтандырылған санаулы фабрикалардың бірі. Тұрғындар үшін сапалы қызмет көрсететін заманауи құрал жабдықтармен жабдықталған бірден-бір кәсіпорын,- дейді "AMANAT" партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Аманбай Нұркенов.

Айта кетейік, кәсіпорын "AMANAT" партиясының "Халықпен бірге" сайлауалды бағдарламасын іске асыруға арналған Жол картасының тармақтарын орындау аясында салынған.

Следующая →