Өскемен
ясно
+19°
  • Өскемен
    +19°
  • Алматы
    +24°
  • Астана
    +7°
  • Ақтөбе
    +11°
  • Актау
    +12°
  • Орал
    +14°
  • Қарағанды
    +16°
  • Көкшетау
    +9°
  • Қостанай
    +11°
  • Қызылорда
    +16°
  • Павлодар
    +10°
  • Петропавловск
    +10°
  • Тараз
    +22°
  • Туркестан
    +9°
  • Шымкент
    +21°
$
514.94
583.74
¥
70.56
6.13
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әлем Әлем
Ақпарат көзі:
Устинка

Америкалық бомбалаушылар КХДР мен Оңтүстік Корея шекарасында маневр жасады

АҚШ ӘӘК стратегиялық B-1B Lancer бомбалаушылары Корея Республикасындағы КХДР шекарасына жақын маңда дайындық нысаналарына атыс жүргізді

Бұл туралы оңтүстіккореялық Штабтар басшыларының Комитеті хабарлайды.

F-22 Raptor жойғыштарымен бірге бірнеше B-1B Lancer солтүстіккореялық зымырандар мен ядролық арандатуына қатаң жауап беруге қабілетті екендігін көрсету үшін бомба лақтырып, дайындық жүргізді, - дейді хабарландыруда.

Канвондо провинциясында орналасқан сынақ алаңындағы нысаналар сәтті түрде жойылды, деп хабарлайды ШБК. Бүгінгі таңда бұл дайындықтарға оңтүстіккореялық ВВС F-15Ks және KF-16s ұшақтары да қатысқан.

Бұл дайындықтардың барлығы Vigilant ACE 18 жаттығуының жалғасы болып табылады және аталған дайындықтарға алғаш рет бесінші буынды жойғыштар қатыстырылып отыр.

- Одақтас елдер өздерінің бірден жауап беру қабілетін арттырып, бейбіт және әскери өмірдегі өзара әрекеттестігінің мүмкіндіктерін жетілдірді, - деп хабарлайды ШБК.

Айта кету керек, дайындық нысандары солтүстіккореялық нысандарға ұқсатылып жасалған.

 

Следующая →