Араб компаниясы Қазақстанда қан зауытын салмақ
Al Khaleej Sugar компаниясы зауытты Қонаев қаласы маңынан салуды көздеп отыр

Әлемдегі қант индустриясы көшбасшыларының бірінің басшысымен Алматы облысының әкімі кездесті, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі ақпаратына сүйеніп.
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев пен компанияның басқарушы директоры шейх Джамаль Әл Ғурайр арасындағы кездесуде жер учаскесін таңдау, қант қызылшасына арналған егіс алқаптарын ұйымдастыру, су ресурстарына қол жеткізу және зауытты энергиямен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.
Жобаны жүзеге асыруға қолайлы орын ретінде логистика тұрғысынан ыңғайлы Қонаев қаласына жақын орналасқан аумақ таңдалып отыр.
Біз қайта жаңартылатын энергия көздерін пайдалана отырып, толықтай автономды кәсіпорын құрмақпыз. Бұл қоршаған ортаға әсерді барынша азайтуға мүмкіндік береді, — деп атап өтті шейх Джамаль Әл Ғурайр.
Al Khaleej Sugar - әлемдегі ең ірі автономды қант зауыты, жаһандық тазартылған қант нарығының шамамен 3%-ын қамтамасыз етеді. Компания өндірістен бастап құрылыс пен жылжымайтын мүлікке дейінгі түрлі салаларда табысты жобаларымен танымал.