Өскемен
ясно
-3°
  • Өскемен
    -3°
  • Алматы
    +11°
  • Астана
    +4°
  • Ақтөбе
    +22°
  • Актау
    +15°
  • Орал
    +16°
  • Қарағанды
    +3°
  • Көкшетау
    +4°
  • Қостанай
    +17°
  • Қызылорда
    +20°
  • Павлодар
    -2°
  • Петропавловск
    +5°
  • Тараз
    +11°
  • Туркестан
    +17°
  • Шымкент
    +14°
$
521.9
593.5
¥
71.47
6.39
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

"Қазқұтқару-2021" жарысының қорытындысы жарияланды

Алматы облысының Тамғалы Тас шатқалында орналасқан "Жартасты қала – Астана" оқу-жаттығу полигонында "Қазқұтқару-2021" құтқару көпсайысы және әскери-құтқару үшсайысы бойынша жарыстар аяқталды

Новости Казахстана / В РК подвели итоги соревнований "Казспас-2021"
Фото:
ДЧС ВКО

Жарысқа Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан ТЖМ бөлімшелері және Қазақстан Республикасы Азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерінің әскери қызметші - құтқарушыларының командалары қатысты.

Төрешілер қатарында ШҚО ТЖД Жедел-құтқару жасағының мамандары да болды.

Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға тән табиғи және жасанды кедергілерден тұратын қашықтықтан өтуді бас төрешілер алқасы жүзеге асырды. Жарыс іздестіру-құтқару және авариялық жұмыстардың дағдыларын жетілдіру, авариялық-құтқару құралдары мен техникасын пайдаланудың озық әдістерін меңгеру, іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу тәжірибесімен алмасу, кәсіби даярлықты жетілдіру және жарысқа қатысушылардың дене дайындығын тексеру үшін өткізілді, - деп хабарлады ШҚО ТЖД Жедел-құтқару жасағының басшысы Игорь Лапенлавский.

Жарыс "техногенді апаттар жағдайында іздестіру-құтқару жұмыстары", "акваториядағы іздестіру-құтқару жұмыстары", "табиғи орта жағдайында іздестіру-құтқару жұмыстары" сынды үш кезеңді қамтыды.

Жарыс қорытындысы бойынша 1-орынды ҚР ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының кәсіпқойлары, 2-орынды Орал қаласынан келген әріптестер, 3-орынды Өзбекстаннан келген құтқарушылар және 4-орынды қырғыз құтқарушылары иеленді.
Фото:
ДЧС ВКО
Следующая →