Өскемен
ясно
+17°
  • Өскемен
    +17°
  • Алматы
    +21°
  • Астана
    +24°
  • Ақтөбе
    +18°
  • Актау
    +18°
  • Орал
    +19°
  • Қарағанды
    +22°
  • Көкшетау
    +19°
  • Қостанай
    +20°
  • Қызылорда
    +31°
  • Павлодар
    +20°
  • Петропавловск
    +18°
  • Тараз
    +23°
  • Туркестан
    +17°
  • Шымкент
    +23°
$
515.03
584.82
¥
70.67
6.24
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Олимпиада жүлдегерлері қанша теңгеден мемлекеттік төлем алады?

Олимпиада мен Паралимпиада жүлдегерлеріне мемлекеттік төлемдер жіберілді

Новости Казахстана / Олимпиада жүлдегерлері қанша теңгеден мемлекеттік төлем алады?
Фото:
olympic.kz

Одан өзге, жүлдегерлер жергілікті әкімдіктен пәтер алады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ҚР Туризм және спорт министрлігі ақпаратына сүйеніп.

Қазақстан Республикасы Үкіметі 2024 жылы Парижде өткен XXXIII жазғы Олимпиада және XVII жазғы Паралимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне ақшалай сыйақы беру туралы қаулы қабылдады. Қаулыға сәйкес, Үкімет резервінен спортшылар мен олардың жаттықтырушыларына төлемдер жіберілді. Барлығы 49 спортшы мен 63 жаттықтырушы ақшалай сыйақы алды.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес мынадай мөлшерде ақшалай сыйақылар қарастырылған:

  • 1-орын — 250 000 АҚШ доллары
  • 2-орын — 150 000 АҚШ доллары
  • 3-орын — 75 000 АҚШ доллары
  • 4-орын — 30 000 АҚШ доллары
  • 5-орын — 10 000 АҚШ доллары
  • 6-орын — 5 000 АҚШ доллары

Ақшалай сыйақы жүлдегерлердің бірінші, жеке және бас жаттықтырушыларына да беріледі.

Сонымен қатар, Олимпиада мен Паралимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне жергілікті атқарушы органдар тарапынан қолдау көрсетіледі. Атап айтқанда, әкімдіктер спортшыларға жергілікті коммуналдық тұрғын үй қорынан тегін пәтер ұсынады.

Следующая →