Қазақстанда балаларға арналған қауіпсіз SIM-карталар пайда болды
"SIM KIDS" пилоттық жобасы әзірге Алматы қалдасында іске қосылған

Бұл – суицидті насихаттау, порнография, есірткі, онлайн-казино және өзге де интернет-қатерлерден қорғайтын арнайы балаларға арналған сим-карта, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ҚР Бас прокуратурасының ақпаратына сүйеніп.
Балаларды қорғау – біздің басты басымдықтарымыздың бірі. Мемлекет басшысы балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың құқықтарын қорғау және үйлесімді дамуына қолайлы жағдай жасау – мемлекеттік саясаттың аса маңызды бағыты екенін атап өтті.
Осыған байланысты менің тапсырмам бойынша 2023–2025 жылдарға арналған балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу және олардың құқықтары мен әл-ауқатын қамтамасыз ету жөніндегі Кешенді жоспарға кәмелетке толмағандарды интернеттегі деструктивті контенттің зиянды әсерінен қорғауға бағытталған ұсыныстар әзірленді. Қазіргі уақытта бұл ұсыныстар Үкіметтің қарауында, - деді Қазақстан Республикасының бас прокуроры Берік Асылов. - Біз өз тарапымыздан бұл шараларды жүзеге асыруға кірістік.
Мәселен, Алматы қаласында прокуратура TELE2/ALTEL байланыс операторымен бірігіп, "SIM KIDS" атты пилоттық жобаны іске қосты. Бұл – суицидті насихаттау, порнография, есірткі, онлайн-казино және өзге де интернет-қатерлерден қорғайтын арнайы балаларға арналған сим-карта.
Осы сим-картаның көмегімен ата-аналар баласының қандай қосымшаларды пайдаланып жүргенін бақылап, зиянды сайттарға қолжетімділікті шектеп, құрылғы үнсіз режимде болса да, баласына қоңырау шала алады.
Жоба ата-аналар арасында үлкен қызығушылық тудырды. Сынақ кезеңі аяқталғаннан кейін бұл сим-карта баршаға қолжетімді болады.