Хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы Азиаданың финалында ойнайды
IX қысқы Азия ойындарында хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы жартылай финалда Қытай құрамасын тағы қапы қалдырды

Фото:
ҚР Туризм және спорт министрлігінен
Есеп: 3-1. Хоккейшылар 2-айналымның аяғында қарсылас қақпасына 2 шайба салды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Қарсылас матчтың аяқталуына 1 минут қалғанда есепті қысқарта алды. Ал санаулы секундтар қалғанда қытайлық қақпашы қателесіп, шайба өткізіп алды, - деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі.
Ертеңгі финалдағы қарсылас Оңтүстік Корея немесе Жапония болмақ.